
«Этюдтер орындаймыз» атты тақырыптық сыныптық концерт өткізді.
2025 жылдың 29 қазаныңда фортепиано сыныбының педагогы Смағұлова Л.К. «Этюдтер орындаймыз» атты тақырыптық сыныптық концерт өткізді. Этюд жанрының мәні балалар музыка мектебінің фортепиано сыныбы оқушыларының оқу репертуарында өте зор. Этюдтермен жұмыс жасау есту бақылауын белсенді дамытып, ерік-жігер, төзімділік, әрекет жылдамдығы сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Бұл өз кезегінде орындау кезінде көңіл күй мен назардың жоғары деңгейде болуына ықпал етіп, техникалық шеберлікті сақтауға көмектеседі, яғни оқушының әрі қарайғы музыкалық дамуының негізін қалайды. Балалар өте тырысты, өздерінің техникалық шеберлігін ата-аналарына көрсетуге үлкен ықылас танытты. Ата-аналарға концерт өте ұнады. Концерттің жүргізушісі – 7-сынып оқушысы Маргитич Милена болды.






БАЙЛАНЫСТАР:
Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:
+7 (727) 378 03 69
E-mail: dmsh3kz@mail.ru
Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140
©Все права защищены.