
Қаламыздың балалар музыка мектептерінің хор ұжымдары Мемлекеттік Әнұранды бірігіп орындап, туған елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті әуез арқылы жеткізді.
25 қазан – Республика күні! Биыл – Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл! Осы айтулы мерекеге орай Алматы қаласы Білім басқармасы ұлт рухын көтеретін ерекше мәдени-патриоттық жобаны іске асырды! Қаламыздың балалар музыка мектептерінің хор ұжымдары Мемлекеттік Әнұранды бірігіп орындап, туған елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті әуез арқылы жеткізді. 1000-нан астам оқушының қатысуымен өткен түсірілім – өнер мен патриотизмнің тоғысқан әсерлі көрінісі! Бұл жоба – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, бірлік пен рухты дәріптейтін маңызды бастама!


БАЙЛАНЫСТАР:
Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:
+7 (727) 378 03 69
E-mail: dmsh3kz@mail.ru
Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140
©Все права защищены.