Image

2024 жылғы 31 Мамырда фортепиано бөлімінің әдістемелік кеңесі өтті.

Әдістемелік кеңеске Композитор Рабиға Мамық шақырылды. Рабиға музыкант, оқытушы, композитор. Ол фортепиано, кино, симфониялық оркестрлер, театрлар, балеттерге музыка жазады. Кездесуде Рабиға  бізге 3 фортепиано жинағын ұсынды.

Фортепианоға арналған қазақ әндерінің алтын қоры. Шығармалардың күрделілік деңгейі музыкалық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ,кәсіби пианистерге дейін арналған. Ол шығармаларды емтихандарда, конкурстарда ,концерттерде ойнай аламыз.

Диснейдің ең жақсы фортепиано саундтректерінің жинағы жинақталған.

Диснейдің сүйікті мультфильмінен музыкалық шығарма ойнау-бұл ең сиқырлы ертегілердің жанкүйерлерінің барлығының арманы. Енді бұл арман-шындыққа жалғасты ,сүйікті мультфильмдердің ең танымал әуендері бұл жинақта.

Сондай-ақ 14 жастан асқан балаларға және заманауи композициялары бар ересектерге арналған "заманауи Фортепиано шығармаларының жинағы" ұсынылды. Ол жинақта табиғаты мен экспрессиясы бойынша әр түрлі 10 шығарма бар.

Осы жинақтардағы пьесалар оқушылардың репертуарын әртараптандырады және аспаптағы ойынды жаңа техникалық әдістермен байытады.

Рабиға Мамық өзі туралы айтып, біз айтқан және тыңдағымыз келетін композициялар қойып, тыңдатты. Жиналыс қызықты және танымдық өтті. Жиынға бөлімше педагогтары қатысты.

БАЙЛАНЫСТАР:

Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:

+7 (727) 378 03 69

E-mail: dmsh3kz@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140

Біз әлеуметтік желілерде:

Сайт:  muz-shkola3.kz

Біз Instagram желісіндеміз 

Біздің Youtube арнамыз

 

©Все права защищены.