
4 мамырда педагог Р.М.Елеусиновтың түлегі Роберт Перелазныйдың жеке концерті өтті.
Концерт Отан Қорғаушылар Күніне арналды. Оқушы негізгі емтихан бағдарламасына қоса, өткен сыныптағы бірнеше пьесаларды, сонымен қатар өз бетінше меңгерген жаңа заманауи пьесаларды орындады. Роберт жалпы фортепиано сабағына үлкен қызығушылықпен қатысады, сондықтан концерттік бағдарламаға фортепиано нөмірлері де қосылды. Сондай-ақ ұстазбен дуэтте Абайдың әйгілі «Көзімнің қарасы» әнінің аранжировкасы орындалды. Әр орындау алдында Роберт шығарманың өзі және композиторы туралы айтып берді. Концертке Роберттің ата-анасы, туыстары мен достарынан бөлек мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі және бөлім меңгерушісі қатысты. Концерт музыкалық жағынан бай, мазмұнды болды және жарқын, мерекелік көңіл-күйде өтті.
БАЙЛАНЫСТАР:
Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:
+7 (727) 378 03 69
E-mail: dmsh3kz@mail.ru
Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140
©Все права защищены.