Image

Р.М.Елеусиновтың гитара сыныбының «Бароккодан қазіргі заманға дейін» атты концерті өтті.

2024 жылдың 13 сәуірде  Р.М.Елеусиновтың гитара сыныбының «Бароккодан қазіргі заманға дейін» атты концерті өтті. Концерттік бағдарламада көптеген дәуірлер мен түрлі жанрдағы пьесалар орындалды.  Барокко, классика, романтизм, модерн, фламенко, қазақ халық музыкасы және джаз.  Әрбір шығарманың алдында мұғалім композитор және шығарманың өзі туралы қысқаша айтып, тыңдаушыны шығарманы жандырақ қабылдауға дайындады.  Концерт соңында ұстаз барокко лютнясында С.Л.Вайстың 3 шығармасын орындап, осы аспаптың ерекшеліктері, дәуірі және композиторы туралы әңгімеледі.  Балалар мен олардың ата-аналары бұл ерекше аспаппен танысуға және олар үшін жаңа музыканы тыңдауға өте қызығушылық танытты.  Өте жайлы және достық жағдайда өткен бұл мазмұнды да көркем концертке барлығы дән риза болды.

БАЙЛАНЫСТАР:

Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:

+7 (727) 378 03 69

E-mail: dmsh3kz@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140

Біз әлеуметтік желілерде:

Сайт:  muz-shkola3.kz

Біз Instagram желісіндеміз 

Біздің Youtube арнамыз

 

©Все права защищены.