Image

С.Прокофьев атындағы №3 балалар музыка мектебінде көктемгі сенбілік өткізілді, оған мектеп мұғалімдері қатысты.

С.Прокофьев атындағы №3 балалар музыка мектебінде 2024 жылдың 06 сәуірінде сағат 09.00-ден 10.00-ге дейін көктемгі сенбілік өткізілді, оған мектеп мұғалімдері қатысты.  Мектебіміздегі сенбілік аумақты көріктендіру мен тазарту шарасы ғана емес, бұл ұжымды одан әрі бірлестіруге бағытталған тағы бір тамаша мүмкіндік.

 Сенбілік жұмыстарын жүргізу үшін іс-шаралар жоспары құрылып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар беріліп, аула белгіленді.  Директордың міндетін атқарушысы Қ.Қ.Сәниязова және шаруашылық бөлімінің басшысы Қуанышева Г.Л. жауапты болды.

 Қажетті құрал-жабдықтарды алып, барлығы бірігіп жұмысқа кірісті.  Ағаштарды әктеп, қоқыс пен былтырғы жапырақтарды жинады.  Біз бірге жұмыс істеп, көңіл көтердік!  Бірлесіп жасаған жұмыстың арқасында аумақ та бір сағатта өзгерді.

БАЙЛАНЫСТАР:

Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:

+7 (727) 378 03 69

E-mail: dmsh3kz@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140

Біз әлеуметтік желілерде:

Сайт:  muz-shkola3.kz

Біз Instagram желісіндеміз 

Біздің Youtube арнамыз

 

©Все права защищены.