Image

"Мың жылдық Дала фольклоры" скрипкашылардың концерт

2023 жылғы 8 сәуірде №8 балалар музыкалық мектебінде ұлттық бірегейлікті сақтау жөніндегі бағдарламаның бағытын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы жанындағы Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің қолдауымен "Мың жылдық Дала фольклоры" скрипкашылардың  концерт – фестивалі өтті. Алматы қаласының барлық БММ, ӨМ, джаз мектебінің оқушылары мен педагогтары қатысты. Біздің мектептен: скрипканың 7 - сынып оқушысы Шамиль Жанель (Педагог Каднова с.м.) және Айнакулова Б. З. педагогтың оқушылары  - Қонысбек Айсана (2-сынып) және Искакова Ясмин (6-сынып) қатысты. Жас скрипкашылар қазақ пьесаларын орындады. Қонысбек Айсана-Е. Хасанғалиев "Анаға сәлем"

Искакова Ясмин - "Тұрымтай" өңдеуші Затаевич

Шамиль Жанель - "Дударай"  өңдеуші Рыбкин

Оқушыларға, педагогтарға қатысқаны үшін дипломдар, мектеп әкімшілігіне алғыс хаттар табыс етілді.

БАЙЛАНЫСТАР:

Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:

+7 (727) 378 03 69

E-mail: dmsh3kz@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140

Біз әлеуметтік желілерде:

Сайт:  muz-shkola3.kz

Біз Instagram желісіндеміз 

Біздің Youtube арнамыз

 

©Все права защищены.