Image

2022 жылдың 22 қазанында Республика Күніне арналған концерт өтті.

Бұл ұстаз Р.М.Елеусиновтың гитара сыныбы оқушыларының концерті болды. 2-4 сынып оқушылары күзгі техникалық сынаққа дайындалған 2 этюдтан орындады. Оқуын енді бастаған бірінші сынып оқушылары да орындаушылық тәжірибе жинады. Ал түлектер қорытынды мемлекеттік емтиханға дайындалып жатқан шығармаларын жаттықтырды. Сондай-ақ, жалпы фортепиано пәніне қатысатын оқушылар фортепиано аспабында шығармалар орындады. Концерт соңында оқытушы дәстүрлі испан фламенко стилінде 4 шығарма орындады.

Бұл концерт оқу жылының басында оқушыларға жағымды және ынталандыратын әсерін тигізді. Концерт өте жылы ортада өтті. Бұл концертке балалар мен ата-аналар қатты қуанды.

БАЙЛАНЫСТАР:

Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:

+7 (727) 378 03 69

E-mail: dmsh3kz@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140

Біз әлеуметтік желілерде:

Сайт:  muz-shkola3.kz

Біз Instagram желісіндеміз 

Біздің Youtube арнамыз

 

©Все права защищены.