Image

2022 жылдың 4 қарашасында педагог Л.П. Шаламова фортепиано сыныбы бойынша шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

Людмила Петровна біздің мектепте шамамен 50 жыл тынбай еңбек етіп келеді. Еңбек тәжірибесі мол педагог көптеген лауреат иелерін  тәрбиелеп шығарды. Оның шәкірттері музыка саласын одан әрі жалғастырып, Алматы, Мәскеу, Санкт - Петербург, Саратов, Горький қалаларының орта және жоғары оқу орындарында тәжірибе алмасып келеді.  

  • Мезенцева Н. – Құрманғазы атындағы консерваторияны тәмамдағаннан кейін С. Прокофьев атындағы №3 БММ-де фортепиано сыныбында педагог болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Францияда тұрады. Дьеп қаласындағы Камиль Сен-Санс консерваториясында классикалық бидің сүйемелдеушісі болып еңбек етіп жатыр. Ол композитор және музыкалық аранжировка жазушы. Ол өзінің аранжировкалары жазылған дискілерді, сондай-ақ суреттерін ұсынатын сайт ұйымдастырды.
  • Ситникова А. – Галина Вишневскаяның Вокалдық өнер Жоғары мектебінің концертмейстері. (Мәскеу қ.).
  • Цай Оля – Халықаралық байқаудың лауреаты (Амстердам қ.).
  • Андриянова А., Шерстнёв В., Алексеева Н. Мәскеу қаласының орта және жоғары оқу орындарында жұмыс істейді.
  • Смирнова С. – музыка училищесінің оқытушысы. Горький қ. (Қазіргі Нижний Новгород).
  • Алтухова Марина – Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрында жетекші концертмейстер.
  • Людмила Петровнадан білім алған Соболева Людмила Александровна П.Чайковский атындағы музыкалық училищені бітіргеннен кейін С. Прокофьев атындағы №3 БММ-де 45 жылдан бері сабақ береді. Ал қазір, Л.А. Соболевадан білім алған А.Б. Булдыбаева П.Чайковский атындағы музыкалық колледжді, содан кейін Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіріп мектепке қызметке тұрды.

Шеберлік сыныбы - педагогикалық шеберлікті арттыру, педагогикалық технологияларды және олардың элементтерін білім беру процесінде пайдалану мақсатында педагогтарды кәсіби оқытудың тиімді нысаны. Шеберлік сыныптарын өткізу технологиясының басты ерекшелігі ақпарат беру емес, арнайы жұмыс істеу тәсілімен бөлісу. Қатысушылар түрлі жаңалықтармен, сынақтармен, шебердің бөлісетін тәсілдері мен әдістерін игеру түрінде және тек осы шеберге ғана тән қандай да бір әдістерді үйрену арқылы білімдерін жетілдіреді. Людмила Петровна бізбен өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесімен, құпияларымен бөлісті. Бұл жас, еңбек жолын енді бастаған педагогтар үшін  айрықша қызығушылық оятты. Шеберлік сыныбына Людмила Петровнаның оқушысы Сулиева Лолла (4 сынып) қатысты. Ол әр түрлі техникаға арналған 5 этюд ойнады. Талдауда И.С. Бах пен Рондо Ф. Кулаудың Прелюдиясын көрсетті. Осының бәрін ол 1 тоқсанда (5 этюд) жаттап, (Прелюдия және Рондо) үйреніп алған.

Халық арасында жазушы - өз шығармаларында, жақсы суретші – суреттерінде, мүсінші – өзі жасаған мүсіндерде өмір сүреді деген сөз  дәлме-дәл  айтылған. Ал жақсы педагог – оқушылардың ойлары мен іс-әрекеттерінде көрініс табады. «Жақсы ұстаз болу үшін оқытатын нәрсені жақсы көруіңіз керек және оқытатындарды жақсы көруіңіз керек», — деді ұлы тарихшы В.О. Ключевский. Ұстаз болу үшін де қабілетті болу керек! Оқушылардың ұстазына деген қарым-қатынасынан педагогтың қаншалықты кәсіби екендігін байқауға болады. Педагог қызметін атқара жүріп, білімге құштарлығы мол оқушыларды көрген кезде білім берудің бар кереметтілігін толықтай сезінуге болады.

БАЙЛАНЫСТАР:

Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:

+7 (727) 378 03 69

E-mail: dmsh3kz@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140

Біз әлеуметтік желілерде:

Сайт:  muz-shkola3.kz

Біз Instagram желісіндеміз 

Біздің Youtube арнамыз

 

©Все права защищены.