Image
№ 3 Балалар музыка мектебі – 6-16 жас аралығындағы оқушылардың шығармашылық талаптарын қанағаттандыратын кеңінен қолжетімді мектептен тыс мекеме. Мектепте базалық бастапқы музыкалық білім берудің толық бағдарламасы жүзеге асырылады.

Біздің мектебіміз мынадай кәсіптік білім беруде:

Классикалық музыка аспаптарында ойнау

Ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау

Ұжыммен музыкалау

Сольфеджио және музыка теориясы

Әлемдік музыка әдебиеті

Қазақ музыка әдебиеті

МАМАНДЫҚТАР

ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ

Балаларды келесі бөлімдерге оқуға қабылдаймыз:

  • фортепиано, виолончель және скрипкаға 6-дан 8 жасқа дейін, оқыту мерзімі 7 жыл.

  • домбыра, қобыз, гитара, үрмелі аспаптар 7-дан 11 жаска дейін, оқыту мерзімі 5 жыл

Қабылдау Білім Алматы порталына өтініш беру арқылы және музыкалық мектепте жүзеге асырылады, оқушылар конкурстық тындау нәтижелерінен кейін қабылданады.

Мектепті бітіргеннен кейін Мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі.

ары қарай оқу
Жусипова Акмарал Оразбаевна
мектеп директорының м.а.

Мектептің негізгі мақсаттары:

Жалпы білім беретін мектеппен бірлесіп оқушылардың жан-жақты дамуы, олардың қабілеттерін жан-жақты ашу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау, имандылықтың, жалпы мәдениеттің, салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне тиімді әдістер мен бағыттарды енгізу.  Балаларды қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасында сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көркем шығармашылықпен айналысуға, ал ең дарынды оқушылар үшін – өнер және мәдениет саласындағы болашақ мамандықты таңдауға дайындық іргетасын қалыптастыру.

Балалар бастауыш музыкалық білім, концерттік қызмет дағдыларын алады. Мектеп бітіргеннен кейін түлектер музыкалық колледжге түсуге құқық беретін куәлік алады

БІЗДІҢ ЛАУРЕАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР:

Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:

+7 (727) 378 03 69

E-mail: dmsh3kz@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140

Біз әлеуметтік желілерде:

Сайт:  muz-shkola3.kz

Біз Instagram желісіндеміз 

Біздің Youtube арнамыз

 

©Все права защищены.