Image

30 сәуір күні мұғалім Елеусинов Р.М. Қазақстандағы 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концертін өткізді. Руслан Мэлсұлы бұл мереке туралы айтты.

Біздің ортақ үйіміз – біздің Республикамыз, әрбір қазақстандықтың жарқын әрі жайлы өмір сүруі, ел ішінде соғыс пен сілкініс болмас үшін, сыртқы қауіп-қатер болмас үшін өз үйіңді қорғай білу керек. Бұл күн – 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні, Отан қорғаушылар күні болып саналады. Мұғалім жиналғандарға Қазақстанды шын жүректен сүюге және осы шуақты елдің игілігі үшін көп нәрсені істеуге тілек білдірді. Қаһармандық, отансүйгіштік, сенімділік, көтеріңкі көңіл-күй, мықты денсаулық және шынайы батылдық, әр күн туған-туыстарының сүйіспеншілігі мен достарының қолдауын сезіну, өмір жолындағы әрбір қадамның табысты және күшті болуын тіледі.

Концерт екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде әр оқушы бір шығармадан ойнады. Түрлі дәуір, стиль, жанрдлардағы шығармалар орындалды. Екінші бөлімде оқытушы-оқушы форматындағы джаз ансамблінің нөмірлері орындалды. Кейбір шығармаларда оқушылар импровизация дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ қазіргі қазақстандық композиторлардың авторлық шығармалары, тіпті оқушының өзі жазған бір шығарма болды.

Залда оқушылардың ата-аналары болды. Концерт достық мерекелік атмосферада өтті.

БАЙЛАНЫСТАР:

Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:

+7 (727) 378 03 69

E-mail: dmsh3kz@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140

Біз әлеуметтік желілерде:

Сайт:  muz-shkola3.kz

Біз Instagram желісіндеміз 

Біздің Youtube арнамыз

 

©Все права защищены.