Image

2022 жылдың 30 сәуірінде, қобыз сыныбының ұстазы Шоинбай Ж.Ж. 7 мамыр мерекесіне арналған сыныптық концерт өткізді.

Ұстаз 7 мамыр мерекесі жайлы айтып берді. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының президенті Нурсултан Назарбаев ұлттық қауіпсіздік күштерінің құрылуының жарлығына қол қойды. 2012 жылдың көктемінен бастап Отан қорғаушылар күні Қазақстанда мемлекеттік мейрам болып саналады.

Дәстүр бойынша Отан қорғаушылар күнінде Қазақстан Республикасының президенті тұрақты әскери атақтарының табысталуына жарлық шығарып, ерекшеленген әскери қызметкерлеріне табыстайды.

Отан қорғаушылар күні қазақ елінің мемлекеттік мейрамы. Бұл мейрам біздің еліміздің барлық ер-азаматтарына арналған. Өз елінің қорғаушысы болу үлкен құрмет, тек елімізді ғана қорғамай, сонымен қатар кімде кім қиындыққа тап болса солардың қорғаушысы болу керек.

Залда оқушылардың ата-аналары көрермен болды. Ұстаз көрермендерді мейраммен құттықтады. Осы керемет мейрамға арнап, оқушылар көрермендерге концерттік программаны усынды. Концертте концертмейстер Қожағұл Е.Н. қатысты.

БАЙЛАНЫСТАР:

Сұрақтарыңызға телефондар арқылы жауап береміз:

+7 (727) 378 03 69

E-mail: dmsh3kz@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы қаласы, көш. Қарасай батыр, 140

Біз әлеуметтік желілерде:

Сайт:  muz-shkola3.kz

Біз Instagram желісіндеміз 

Біздің Youtube арнамыз

 

©Все права защищены.